Мақтаарал ауданының шаруалары көктемгі егіс жұмыстарын бастай алмай отыр. Оған жердің эрозияға ұшырауы себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мақтаарал ауданындағы көкөніс пен мақта егілетін жерде 57 тік дренаждың дені істен шыққан. Салдарынан жерасты сулары көтеріліп кетіпті.
"Тұз, сор жерге еш өнім шықпайды. Мақтаның бойы бұрынғыдай 90 сантиметрге көтерілмейді. 45 сантиметрден аспайды. Есігіміздің алдындағы бақшамызға ештеңе егуден қалдық. Егістік жерімізге күріштен басқа ештеңе шықпайды", – деді Арайлы ауылының тұрғыны Қалмұрат Салманов.
Аудандағы 218 тік дренаждың дені «Қазсушар» мекемесіне қарайды. Оны жөндеуден өткізуге миллиондаған қаржы да бөлінген. Ал диқандардың жауаптылардың ісіне көңіліміз толмайды. Қазір мақта егілетін алқаптарға сор шаю кезінде су сіңбегендіктен егістік кеш басталмақ.
"Тік дренаждар істеп тұрған кезде 70-80 см су сіңген. Көктемде егінді кеш егеміз. Қандай дақыл ексең де, өнімін аз аласың", – деді Ынталы елдімекенінің тұрғыны Қайрат Айнабеков.
Ал «Қазсушар» мекемесі үш ауылдағы дренаждар мемлекет меншігіне өтпегенін айтты. Сондықтан жөнделмей қалған.
"57 дренаждың 20 данасы істейді. 10 данасын қалпына келтіріп қойдық. Үлгергенімізше жұмыс істейміз. Ал үлгермесек, қалған жұмыс келер жылы толық аяқталады", – деді «Қазсушар» мекемесі Мақтаарал өндірістік бөлімшесі басшысының орынбасары Әлі Мырзабеков.
Бұл жауап шаруалардың көңілінен шықпады. Тұрғындар қондырғыларды жөндеуге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын талап еттіп отыр. Мәселе шешілмесе құзырлы органдарға шағымданбақ.
Оқи отырыңыз: Теріс қылығымен танылған қызылордалық басшылар қалай жазаланды