Онлайн бюджеттік мониторинг: Қызылорда облысында 63 млн теңге бюджетке қайтарылды

17.04.2025 14:48

Жаңа жүйе өткен жылдың төртінші тоқсанында қолданысқа енгізілген

Қызылорда облысында онлайн бюджеттік мониторинг модулі арқылы былтыр 125 млн теңге бюджетке қайтарылса, биыл 63 млн теңгеге қатысты бұзушылықтардың жолы кесілген, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Қаржылық қылмыстардың алдын алуға бағытталған жаңа жүйе өткен жылдың төртінші тоқсанында қолданысқа енгізілген. Бюджеттік бақылау сәуірден бастап білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарының жалақысын қадағалауға да мүмкіндік беріп отыр. Қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылауға арналған заманауи жүйе онлайн форматта жұмыс істейді.

 «Өңірімізде білім саласы бойынша кейбір бас есепшілері тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактілері көп анықталуда. Қазіргі таңда осы онлайн бюджеттік мониторингі модулі арқылы 2024 жылы 125 млн теңге және 2025 жылы 63 млн теңгедей бұзушылықтар анықталып, бюджетке қайтарылды», – деді Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев.

Оқи отырыңыз: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі аталды