Қазақстанның Украинадағы жаңа елшісі тағайындалды

17.04.2025 15:04

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Дархан Кәлетаев лауазымынан босатылды

Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Украинаға Қазақстанның жаңа елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Төлежан Барлыбаев – 1970 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Мәскеуде Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті атқарған Дархан Аманұлы Кәлетаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Оқи отырыңыз: Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамотасын қабылдады