«Алматыда өрт қаупі жоғары кезең басталды». Төтеншеліктер осылай деп дабыл қағып отыр. Себебі күннің ысуы мен құрғақ ауа райының салдарынан от тез тұтанады. Мамандар «құрғақ шөп пен қоқысты жаққан кезде абай болған жөн» дейді. Өртті барынша болдырмау үшін қандай шаралар қолға алынды? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы Бағдан Омаров жауап береді.