Өскемен тұрғынын өлтірген ер адам қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген

23.04.2025 15:03

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді

Karl Callwood/unsplash.com/

Өскемен қаласында өртенген үйден адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өрт сөндірушілер мен полицияға қаладағы Мызы көшесі, 13 мекенжайындағы пәтердің жанып жатқаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен ТЖД қызметкерлері көп ұзамай тілсіз жауды ауыздықтады.

Пәтер ішін барлау кезінде ер адамның мәйіті табылды. 37 жастағы азаматтың денесіндегі жарақаттардан оның зорлық-зомбылықпен өлтірілгені байқалады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ол пәтерге өрт қойып қылмысын жасырмақ болған.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

 Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында балабақша басшысы мен есепшісі күдікке ілінді