Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр
Өскеменде өртенген үйдің орнынан 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 наурызда Гурьевская көшесінде болған.
«Жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 48 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт орнынан 1989 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды.
Қазіргі кезде оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттан алапат өрт шықты