Отбасы құндылықтары: Алматыда «Family әңгіме» конференциясы өтті

16.04.2025 20:46

Басқосуға жиналғандар бала тәрбиесіне қатысты тиімді тәсілдерді ортаға салды

Алматыда отбасы құндылықтары мен балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Family әңгіме» конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында ата-ананың тәрбиелік жауапкершілігі, мектеп пен жанұя арасындағы байланыс, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру сынды маңызды мәселелер талқыланды. Басқосуға жиналғандар бала тәрбиесіне қатысты тиімді тәсілдерді ортаға салды.  

 «Бүгінгі конференцияда аналардың рөлі, балалар тәрбиесі, отбасындағы түсіністік туралы сөз қозғалды. Еліміздің болашағы үшін балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Конференцияға ата-аналарды, мектептің оқушыларын, ұстаздарды шақырдық, нәтиже болады деп сенем», – деді  ҚХА республикалық аналар кеңесі Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша төрағасының орынбасары Нұрсәуле Әлтекова.

Оқи отырыңыз: ARTist: Асанәлі Әшімов колледж студенттерімен кездесті