Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

16.04.2025 20:52

Эдуард Ким әртістік жүзуден үшінші орын иеленді

Serena Repice Lentini / Unsplash

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді.

«Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады”, - делінген хабарламада.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның сұлу боксшысы әлемдік рейтингтің үздік ондығына кірді