Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды

23.12.2024 18:07

ІІМ жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шараларының күшейгенін мәлімдеді

Ел бойынша сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сату немесе оларды дұрыс сақтамау дерегімен 172 заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ІІМ жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздік шараларының күшейгенін мәлімдеді. Рұқсат етілмеген жерлерде отшашуды қолдануға болмайтынын қатаң ескерткен ведомство бұл бағытта жауапкершілік қарастырылғанын да еске салды.

"436-баптың санкциясымен 20 АЕК көрсеткіш мөлшерінде 73 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған. Заң бұзылғанын көрген жағдайда, 102-ге хабарласып, құқықбұзушылық фактілерін фото және бейнеге түсіріп, жолдауды сұраймыз", – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Аяз ата мен Ақшақарлар шеруі өтті