Пәтеріне шектен тыс адам тіркегендерге қанша айыппұл салынады

05.03.2025 13:22

Сондай-ақ ондай заңсыздықтарға жол берген ХҚО мамандарына қандай жаза қолданылатыны айтылды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада пәтеріне шектен тыс тұрғын тіркегендерге қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

— Айыппұл болады. Көлемі мен мерзімін әлі пысықталып жатыр. Ол үшін Әкімшілік кодекске арнайы заң керек, — деді Серік Жұманғарин.

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков оның жауабын толықтырды. 

— Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша, қазір пәтеріне шектен тыс тұрғындарды тіркеген азаматтарға 10 айлық есепті көрсеткіш (39 320 теңге) айыппұл көзделген. Ұсынылып отырған заң жобасында осы соманы екі есе көтеру, яғни 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде жауапкершілік жүктелетіні айтылған, — деді ол.

Сондай-ақ ол осындай заңсыздықтарға жол берген халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарына қандай жаза қолданылатынын түсіндірді.

— Олардың жауапкершілігі басқаша болады. Мысалы, жалған құжат жасау әрекеттері анықталса, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін, — деді вице-министр.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде