Апелляциялық сот 21 жастағы Жоламан Құсайыновтың ісін қайта қарады
Павлодарда түнгі бардың жанында болған қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі қайта қаралды. Бұл туралы айыпталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Іnformburo.kz-ке сілтеме жасап.
Апелляциялық сот 21 жастағы Жоламан Құсайыновтың ісін қайта қарады. Оны бұған дейін өлімге әкелген төбелес үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Прокурор 4,5 жыл тым жеңіл жаза екенін айтып, оны 8 жылға дейін ұлғайтуды талап еткен еді.
"Іс Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігінен,112-бабы 2-бөлігіне қайта қаралады. Жаза бір жылға дейін төмендетілді. Жоламанның тергеу изоляторында өткізген алты айы бір күн – екі күн есебімен есептеліп, ол сот залынынан бостандыққа шықты", – деп түсіндірді Жоламан Құсайыновтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов.
Еске салайық, оқиға былтыр жазда болған. Бейнебақылау камераларының жазбасында 23 жастағы ер адамның екі жігітке жақындағаны, кейін кетіп қалып, артынша қайта келгені, олардың біріне шабуылдағаны көрінеді. Оның қолында пышақ болған, бірақ кейін оны қалтасына салып қояды.
Кейін жігіттер арасында төбелес басталып, екеуі жерге құлайды. Айыпталушы шабуылдаушыны ұрып, қолын ұстап тұрған. Оларды сол жердегі адамдар ажыратқанымен, шабуыл жасаған жігіт қайтадан пышағын алып, оны түсіріп алады. Артынша өзі құлап, сол жерде жан тапсырған.
Оқи отырыңыз: Астанада мектеп аумағында оқушы қызды автобус қағып өлтірді