Павлодарда зейнеткердің тоналған сәті видеоға түсіп қалды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Оқиға күндіз Сәтпаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап

Оқиға күндіз Сәтпаев көшесіндегі үйдің кіреберісінде болған. Зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып, лифт жанында бір ер адамды кездестірді. Екеуі бірге лифтіге кірген, бірақ бірнеше секундтан кейін күдікті зейнеткердің пакетін қолынан тартып алып, лифтіден жүгіріп шыққан.

"Ер адам қолды қылған пакеттің ішінде зейнеткердің 190 мың теңгесі салынған әмиян болған. Жәбірленуші бірден полицияға хабар берді", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері күдіктінің түр-әлпетіне ұқсас азаматты ұстады. Ол бұрын сотталған қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір ауыл алкогольден мүлдем бас тартты

Новости партнеров