Павлодарда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйітін тапқан.

–  Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, – деді департамент.

Департамент оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын айтты.

Айта кетейік, 21 ақпанда түс ауа 52 жастағы Асұлан Нұрмағамбетов ақ түсті Toyota Camry-50 көлігімен Жеңіс алаңы көшесіндегі үйінен жұмысқа шыққан. Бірақ ер адам үйіне оралмаған.

Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы мектеп-интернатта 170 бала ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр - Зәкиева

Новости партнеров