Перизат Қайрат оңалту орталығын ашу үшін қайырымдылық ұйымдастырып, 22 миллион теңге жинаған
Қаржылық мониторинг агенттігі атышулы Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың мәліметтер таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін қайырымдылық ұйымдастырып, шамамен 22 миллион теңге жинап, оны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы орынбасарының айтуынша, Перизат Қайраттың ісі бойынша оның анасы да қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.
"Тергеудің аяқталуына аз қалды. Жақын арада қылмыстық істің материалдарымен танысуға көшеміз. Оның қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын. Себебі ол қылмыстық процестің қатысушыларына байланысты. Қылмыстық іс заттай дәлелдерді санамағанда 100 томнан тұрады. Сот Перизат Қайраттың қамауда отыру мерзімін ұзартты", – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Оқи отырыңыз: Еліктерді заңсыз атқан күдіктілерді ұсталды