Күдіктілер қазір уақытша қамауға алынды
Петропавлдық екі жігіт 19 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Оларға қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media порталына сілтеме жасап.
Қыз зорлау фактісі өткен аптада тіркелді. Облыс орталығындағы Қизатов көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жігіт 19 жастағы қызды зорлаған. Оған қатысы бар деген күдікпен 25 және 27 жастағы екі жігіт ұсталды.
«Күдіктілер қазір уақытша қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Екі жігіт те Петропавл қаласының тұрғындары»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Оралда ақша бопсалаумен айналысқан жастар тобы ұсталды