Өскеменде көлігін 5 минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салына бастады

Photo by Janusz Walczak on Unsplash
Photo by Janusz Walczak on Unsplash

Көлік иелері жауапқа тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскеменде көлігін бес минуттан артық қыздырған жүргізушілерге айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

YK-news.kz жазуынша, көлік иелерінің үстінен түсіп жатқан шағым бір адамның атынан жазылған.

Куәгерлердің айтуынша, көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны күнде таңертең аулаға шығып, қыздырылып тұрған көліктерді видеоға түсіріп, артынша дереу полицияға хабарлап жүрген көрінеді.

"102 арнасына бір арызданушыдан барлығы үш шағым түсті. Көлік иелері жауапқа тартылды. Сонымен қатар ішкі істер органдары осындай заңбұзушылықтарға жол берген азаматтарға жаппай айыппұл салу туралы міндет қойып отырған жоқ. Автокөлікті ұзақ қыздырғаны үшін әкімшілік іс тек азаматтардың арыз-шағымы түскен кезде және заңбұзушылық туралы дәлелдер (фото, видео) болған жағдайда ғана қозғалады", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Павлодарда телефон алаяқтарына көмектескен ерлі-зайыпты ұсталды

Новости партнеров