Жанжалдың видеосы желіде жарияланды
Шымкентте 20 жастағы жігіт дәрігерді балағаттағаны үшін қамауға алынды. Оқиға қаладағы емханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ер адам ақ халаттымен араздасып тұрған сәтте оған түрлі былапыт сөз айтыпты. Тіпті, айналасындағы адамдарға да құрметсіздік танытқан.
Жанжалды медициналық орталықтағы азаматтар видеоға түсіріп, жариялап жіберген көрінеді.
"Іс қозғалған тұлға өзінің кінәсін толығымен мойындады. Сотта кешірім де сұрады. Бірақ дәрігердің ғана емес, өзге тұлғалардың да құқығы бұзылды. Сол себептен сот істің мән-жайын анықтап, аталған тұлғаға 5 тәулік қамақ жазасы қолданылуы тиіс деген тұжырымға келіп, аталған жазаны берді", - деді Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айгүл Оспанова.
Оқи отырыңыз: Алматыда интернет-алаяқтық дерегі азайды