Жамбыл облысында инфрақұрылымға бөлінген 2 млрд теңге жымқырылған

Экономикалық аймақта 20 зауыт іске қосылу керек еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында инфрақұрылымға бөлінген 2 миллиард теңге қолды болған. Бұл қомақты қаржыға инвесторларды тартуға арналған "Жібек жолы арнайы экономикалық аймағына" автомобиль жолдары, қалдық төгетін орын мен су, жарық сынды жүйелер тартылуы тиіс еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жалпы, арнайы аумаққа инфрақұрылым жүргізу үшін барлығы 31 миллиард теңге бөлінген. Оған 28 нысан салынуы қажет болған. Олардың 15-і толық аяқталғанымен, қалған ғимараттарға жауапты 3 мердігер жұмысын жарты жолдан тастап кеткен. Соның салдарынан, инвесторлардың ісіне кедергі келген.

Жоспарға сай, экономикалық аймақ 2019 жылы жұмысын бастап, онда 20 зауыт іске қосылу керек еді. Бірақ жоба әлі күнге дейін толыққанды жүзеге аспай отыр. 

"Міндеттемелерді орындамаған мердігер ұйымдарынан 2 млрд теңге өндірілді. Қадағалау актісі бойынша 6 өнімсіз жобаға берілген 81 гектардан аса жер учаскесі арнайы экономикалық аймаққа қайтарылып, жаңа инвесторларға берілді. Инвесторлардың құқығын қорғау жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Шу ауданының прокуроры Қайыржан Қуатбеков.

Оқи отырыңыз: Шымкентте дәрігерді балағаттаған жас жігіт қамауға алынды

Новости партнеров