Ресейден Қазақстанға жолбарыстар жеткізіледі

Dominik Lückmann/unsplash.com/
Dominik Lückmann/unsplash.com/

Бұрын бұл жылқылар еліміздің 9 облысын мекен еткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейден Қазақстанға 3-4 жолбарыс жеткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"2024 жылы Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын тарихи мекенінде қалпына келтіру бойынша екі үлкен жоба жүзеге асырыла бастады. Жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді. Өткен жылы күзде Іле-Балқаш резерватына арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді. Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде", - деді комитет төрағасы.

Оның атап өтуінше, Пржевальский жылқысын қайта жерсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

"Бұрын бұл жылқылар еліміздің 9 облысын мекен еткен. Пржевальский жылқысы әлемдік жабайы табиғаттан 1960-жылдардың соңына қарай жойылып кеткен болатын. Министрліктің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының арқасында Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватына Прага хайуанаттар бағынан 7 бас Пржевальский жылқысы әкелінді. Жалпы, 2029 жылға дейін 40 бас жылқы әкелу жоспарланып отыр", - деді ол.

 Оқи отырыңыз: Қызғалдақ жұлғандарға қылмыстық іс қозғалады

Новости партнеров