Рим Папасы қайтыс болды

Ashwin Vaswani
Ashwin Vaswani

Ол кеше Ватикандағы әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рим Папасы Франциск көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше ғана Пасха жексенбісінде Папа Франциск дәстүрлі батасын беру үшін Ватикандағы әулие Петр алаңына жиналған сенушілердің алдына шыққаны хабарланған.

Осыған дейін Рим Папасы Реджина Коэли түрмесіне барғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 14 ақпанда Папа Франциск ауыр бронхитке байланысты Римдегі Джемелли ауруханасына жатқызылған болатын. Ол 23 наурызда 38 күндік емнен кейін екіжақты пневмония диагнозымен ауруханадан шықты.

Жас кезінде понтификтің өкпесінің бір бөлігін алып тастаған және өмір бойы тыныс алу проблемасынан зардап шегіп келді.

Оқи отырыңыз: Шымкентте блогер ұсталды

 

Новости партнеров