«Семей орманы» резерватындағы орман өрті оқшауланды

05.04.2025 09:57

Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

Liana S / Unsplash

Абай облысына қарасты «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, орман өрті 5 сәуірде сағат 08:00-де толық оқшауланды.

«Семей орманы» МОТР бас директоры Дәулет Байболатовтың басқаруымен өртті сөндіруге:

• ЭТРМ (орман күзеті) – 143 адам, 65 техника бірлігі;
 • ЖАО – 30 адам, 11 техника бірлігі;
 • ТЖМ – 60 адам, 20 техника бірлігі;
 • ІІМ – 10 адам, 3 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті толық жою үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қосымша ақпарат жағдайдың өрбуіне қарай беріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жұма күні, яғни 4 сәуірде Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округіне қарасты Қоянбай ауылында құрғақ шөп өртенген. Өрттің тез таралуына екпінді жел 18 м/с ықпал етіп, соның салдарынан дала өрті «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Морозовский бөлімшесінің орман алқабына жартылай таралған.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері елімізде жол апатынан 17 бала көз жұмған