Семейде өртеніп жатқан үйден әйел адам құтқарылды

19.04.2025 14:54

Оны жедел жәрдем қызметкерлері тексеріп жатыр

Видеодан кадр

Семейде өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үй ішінен әйел адамды алып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт қаладағы Пржевальский көшесі бойындағы жеке тұрғын үйден шыққан.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыныменүй иесі құтқарылды. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді», - делінген хабарламада.

Оны жедел жәрдем қызметкерлері тексеріп жатыр.

ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Бір бала жансақтау бөлімінде: автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды