Шамалған стансасы маңындағы теміржол өткелі жабылады

27.02.2025 21:28

Барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды

Almaty.tv

1 наурыздан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолыелдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады.

Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды.

Барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды.