Шарын аумағында Қызыл кітапқа енген жануар алғаш рет фототұзаққа түсіп қалды

19.12.2024 17:57

Орта Азия құндызы -  сирек кездесетін жануар

Фото: t.me/qazfwc

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Сартоғай аймағында фототұзақ арқылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануар – Орта Азия құндызы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен хабарлағандай, бұл ерекше оқиға табиғат қорғау саласындағы маңызды жетістік.

"Орта Азия құндызы – саны күрт азайып бара жатқан түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына 2-санатпен енгізілген. Жануардың сирек кездесуі мен оның тіршілік ету ортасының қысқаруы осы түрді қорғау шараларын күшейтуді талап етеді", - делінген хабарламада.

Бұл құнды дерек Шарын ұлттық паркінің биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатында жүргізіп жатқан жұмыстарының тиімділігін көрсетеді. Орта Азия құндызының парктің аумағында тіркелуі – табиғат қорғау шараларының және экожүйе мониторингінің нәтижесі.

Оқи отырыңыз: Құтқарушы иттердің бойындағы мейірім жаттығу барысында қалыптасады - маман