Шаш жуудың да өз ережелері бар
Шаш жуудың белгілі бір ережелері бар екенін ескерген жөн. Бұл шаштың саулығы үшін өте маңызды. Егер сіз шашыңызды дұрыс жусаңыз, ұзағырақ таза болып жүреді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлбетте, сіз сұлулық салонына барғаннан кейін шашыңыз ұзақ уақыт бойы таза болып жүретінін байқайсыз. Ал үй жағдайында жусаңыз, бір күн өтер-өтпестен майланып шыға келеді. Бұл шаштараз шеберлерінің ерекшелігі емес, жай ғана шаш күтімінің негізгі ережелерін есте ұстаған жөн.
Біріншіден, шашты сәл жылы немесе салқынырақ сумен жуу керек. Судың температурасы неғұрлым жоғары болса, шашыңыз соғұрлым тез майланады.
Екіншіден, сусабынды алдымен алақанда аз мөлшерде көпіртіп алу керек, содан соң ғана бас терісіне жаққан дұрыс. Сусабынды шашқа емес, тек теріге жағып, барынша массаж жасап жіберген жөн.
Тағы бір маңызды нәрсе: сусабынды бірден шаймаңыз. Бір минуттай ұстай тұрған дұрыс, содан кейін ғана шайыңыз.
Сусабынды кем дегенде екі рет жағып, шаю керек, ал егер бас терісі өте майлы болса, оны үш немесе тіпті төрт рет жағуға болады. Сонда жуудың әсері ұзағырақ сақталады.
Кондиционерді қолданар алдында шашыңызды сүлгімен сүрту арқылы артық ылғалды кетіріп алғаныңыз маңызды. Бұл бальзам жағудыжеңілдетеді және пайдалырақ етеді.
Соңында, шашты мұқият шайғаннан кейін, оны салқындау ауамен кептіру керек, бірақ толық кептіруді ұмытпаңыз. Әйтпесе, шаштың ұшы ұшы жылдам кірлеп кетеді.
Дереккөз: Клео.ру
Оқи отырыңыз: МӘМС-ке төленген артық ақшаны қалай қайтара аласыз