Косметологтың сөзінше, шашты жайып жүру терінің созылмалы болуына әкеледі
Қазақстандық косметолог Құндыз Жолдыбаева шашын жайып жүретін қыздарға ескерту жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Косметологтың сөзінше, шашты жайып жүру терінің созылмалы болуына әкеледі.
"Шашын үнемі жайып жүретін қыздар тез қартаяды. Олардың беттеріне әжім ерте түседі. Неге десеңіз, бет терісіндегі тері мен денеміздегі тері бір теріге ұқсамайды. Жиналып тұрған шаш теріні тартып, салбырап кетуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, бәріңіз танитын Баян Мақсатқызын қараңыздаршы. Ол кісі үнемі шашын жинап жүреді. Өздеріңіз білетіндей, 50 жаста болса да, 25 жастағы қыздай жүреді. Сол үшін, қыздар, шашты жинап жүріңіздер", - деді маман.
Сондай-ақ маман бұл болжамға күн мен желдің әсері де бар дейді. Жаюлы шаш күннің ультракүлгін сәулелеріне көбірек ұшырайды, бұл шаштың әлсіреуіне және сынғыш болуына әкелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Несиені уақытында төлей алмасаңыз не істеу керек