Шерзат Болаттың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын

Almaty.tv
Almaty.tv

Қадағалау органында Нұрымовтардың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істер тікелей Бас прокуратураның бақылауында екенін жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шерзат Болаттың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство өкілдері хабарлағандай, қажетті тексерістер мен тергеу әрекетін жүргізу барысында 11 күдікті ұсталды. Қазір прокурорлар сараптама нәтижесін күтіп, процесс қатысушыларына жұмыс нәтижесін ұсынуға дайындалып жатыр.  Сондай-ақ қадағалау органында Нұрымовтардың үйін өртеу және Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істер тікелей Бас прокуратураның бақылауында екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Шерзат Болаттың ағасының өліміне байланысты сараптама қорытындысы жарияланды

Новости партнеров