ШҚО-да екі ауданда жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді

24.02.2025 14:12

Жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады

сгенерировано ИИ

 Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс уақыты 1 сағатқа кері шегерілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында өңірдің табиғи жағдайларына бейімделген жаңа жұмыс уақыты енгізілді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін.

"Бұл өзгерістер таңның ерте атуы мен кешкі батуымен байланысты. Осылайша, тұрғындарға күндізгі уақытты тиімдірек пайдалануға мүмкіндік беріледі. Шешім жұртшылықпен талқыланғаннан кейін қабылданды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларынан құралған мобильді топ бұл бастаманы жер-жерде талқылады", - деп хабарлады аудан әкімдіктерінен.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай өзгеріс Катонқарағай ауданында енгізілген. Қазір ондағы 40 мекеме аптасына бес күн сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат