ШҚО-да ер адам әйелге мұз кесегімен шабуыл жасап, сөмкесін ұрлап кетті

Scott Rodgerson/unsplash.com
Scott Rodgerson/unsplash.com

Тергеу барысында күдіктінің мас болғаны және әйелді мұз кесегімен ұрып құлатқаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында ер адам әйелге мұз кесегімен шабуыл жасап, оның құжаттары мен ақшасы бар сөмкесін тартып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Алтай ауданында болған. Жәбірленуші полицияға арыз жазып, үйдің кіреберісінде белгісіз біреу оған шабуыл жасап, басынан ауыр затпен ұрып, сөмкесін алып кеткенін мәлімдеген.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жақын дүкендер мен ғимараттардың бейнебақылау камераларын тексеру арқылы күдіктіні анықтады. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің мас болғаны және әйелді мұз кесегімен ұрып құлатқаны анықталды. Ол сөмкені алғаннан кейін, ішіндегі заттарды қарап, артынша қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, сот күдіктіні үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Новости партнеров