Аймақта облыстық штаб жұмыс істеп жатыр
Жамбыл облысында кеше түнде жер сілкінді. Дүмпу Тараз қаласы мен бірнеше ауданда сезілген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоғары қарқын әсіресе, Меркі ауылында 5 балл болып тіркелді. Ал Құланда 4, Тараз қаласы мен Шу, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл сезілген. Алдын ала тараған ақпарға сүйенсек, тұрғын үйлер мен бірнеше әлеуметтік нысан бүлінген. Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйінің қабырғасында жарықша пайда болса, Меркі аудандық ауруханасы мен Ойтал ауылындағы мектепке де залал келген. Кейбір тұрғын үйдің сылақтары құлап жатыр. Жалпы шығын көлемі әлі де анықталады. Ал аймақта облыстық штаб жұмыс істеп жатыр. Задап шеккендер жоқ.
«Меркі ауданы бойынша 12 нысан және Рысқұлов ауданы бойынша 16 нысанда қабырғалар жарылылған. Алматы қаласынан арнайы келген Ұлттық сейсмикалық орталықтың мамандарының қатысуымен және тиісті мамандардан құралған комиссияның қатысуымен талдау жұмыстарын жүргізудеміз. Ол жарықтардың неден пайда болғанын қашан пайда болғанына қатысты тиісті қортындылар берілетін болады», – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібеков.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында жер сілкінісінен инфрақұрылымдық нысандарға зақым келмеген