Шымкентте 12 адамды кене шаққан

Олар дәрігерлердің бақылауына алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдің оңтүстігінде күн жылып, кенеден келер қауіп күшейіп тұр. Биыл Шымкентте 12 адамды кене шағып, барлығы дәрігерлердің бақылауына алынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – тек ресми тіркелген жағдай. Шымкент пен Түркістан облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы таралу қаупі жоғары аймақтардың бірі саналады. Осыған байланысты мамандар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

 «Кене шағу фактілері көктем мезгілінде жиілейді. Сондықтан табиғатқа шыққанда ашық түсті, жабық киім киіп, арнайы репелленттерді қолданған жөн. Егер кене жабысса, оны өздігінен жұлып алмау керек, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім жетекшісі Балкүміс Мұсаева.

Оқи отырыңыз: Жер сілкінісі: Жамбыл облысында нысандардың қабырғасы жарылған

Новости партнеров