Электр есептегішін "тегін" ауыстыру - алаяқтардың жаңа әдісі

Alejandro Escamilla / Unsplash
Alejandro Escamilla / Unsplash

Компания атынан қоңырау шалса, әуелі анықтап алыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында алаяқтар өздерін энергетикалық компания қызметкерлері ретінде таныстырып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы күндері қала тұрғындарына хабарласып, өздерін «Біріккен энергетикалық сервистік компания» АҚ қызметкерлері ретінде таныстыратындар күрт көбейіп кетті. Белгілі болғандай, бұл – азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуді көздеген алаяқтардың кезекті амалы.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, олар электр есептегіштерін тексеретіндігін немесе есептегіштерді тегін беретіндігін айтады. Содан соң кестеге қосып қою үшін телефон нөмірге келген SMS-хабарламадағы кодты сұрайды.

Кодты айтып жіберсеңіз eGov қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, жеке кабинетіңізге біреулердің кіріп кеткенін айтып, сізді «қорғап қалу» үшін бірнеше қадам жасауыңыз керектігін жеткізеді. Осылайша, сізді қақпанға түсіреді.

Осындай кезде телефонға келген кодты айтудан аулақ болыңыз. Ешкімге жеке ақпараттарыңызды бермеңіз. Егер компания атынан қоңырау шалғандар болса, оның рас-өтірігін тексеру үшін 8 (7232) 700-555 телефон нөміріне хабарласыңыз1, - делінген ақпаратта.

Дереккөз: Қазақпарат

Оқи отырыңыз: Жол әбден қажытты: Ұлытау облысының тұрғындары атқамінерлерден араша сұрайды

Новости партнеров