Оқыс оқиға Сарыөзек ауылында болған
ТЖМ қызметкерлері қараусыз қалған ғимаратта бетон плитаның астанда қалып қойған жасөспірімді алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға Жетісу облысы Сарыөзек ауылында болған.
15 жастағы жасөспірім қараусыз қалған ғимаратта достарымен жүрген кезде, оның үстіне бетон плитасы құлаған.
"ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, құтқару зембілі мен сатының көмегімен жасөспірімді жерге түсіріп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін «103» қызметінің қызметкерлеріне тапсырды", — делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқи отырыңыз: ШҚО-дағы сауда орындарында бағаны негізсіз қымбаттатудың 82 дерегі тіркелді