Шымкентте анасын өлтіріп, денесін өртеп жіберген азамат темір торға қамалмады

Қанды қылмыс 12 қаңтар күні Шымкенттегі Ынтымақ шағынауданында болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте анасын аяусыз өлтіріп, денесін өртеп жіберген азаматқа үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сот шешімімен 31 жастағы ер адам темір торға жабылмайды. Алайда психикалық денсаулығына байланысты қала тұрғыны арнайы режимдегі стационарда мәжбүрлі ем алады. Себебі медициналық сараптамалар оның шизофрениямен ауыратынын дәлелдеген.

Айта кетейік, ер адам бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

 «Қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Жолдыбаевқа интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиаторлық станционарда мәжбүрлеп емдеу түрі тағайындалсын. Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылсын», – деді судья Әбинур Қарабаев.

Еске сала кетсек, қанды қылмыс 12 қаңтар күні Шымкенттегі Ынтымақ шағынауданында болған. Ер адам өз анасын пышақтап өлтіріп, кейіннен мәйітті үй ауласына шығарып, өртеп жіберген.

Кей деректерде, оқиғаның отбасылық жанжалдан туындағаны айтылды.

Оқи отырыңыз: Нәжіс толы құдыққа құлап, көз жұмды: аудан әкімі қызметінен босатылды

 

 

 

Новости партнеров