Шымкентте Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары 11 жылға сотталды

03.04.2025 08:10

Ол мектеп директорынан 42 миллион теңге алғаны үшін кінәлі деп танылды

Wesley Tingey/unsplash.com/

Шымкентте антикор төрағасының бұрынғы орынбасары 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол мектеп директорынан 42 миллион теңге алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған «Аса ірі көлемде пара алу» бабы бойынша айып тағылды.

"Сот сотталушыны ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - делінген Шымкент қаласының ҚІЖМС-ның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жоғалып кеткен малшы төртінші күні табылды