Марқұм қаладағы № 9 IT лицейінде білім алған
Шымкентте бесінші сынып оқитын бала асылып қалды. Мектеп басшылығы оқиға оқушының өз үйінде болған деп отыр. Небәрі 11 жастағы ұл баланың өз-өзіне қол салуына отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, марқұм қаладағы № 9 IT лицейінде білім алған. Бүгінде бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Кәмелет жасқа толмаған баланың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде сай жарияланбайды», – деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында балабақша есепшілері 300 млн теңге жымқырған