Зардап шеккен адам оқиға орнында қайтыс болған
Шымкентте мас халде көлік тізгіндеп, бір жанның өліміне себеп болған жүргізуші сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға былтыр Шымкентте қараша айында болған. "ВАЗ 2107" маркалы көлікті басқарып келе жатқан ер адам бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан.
Соның салдарынан «ВАЗ 21099» маркалы темір тұлпардағы жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.
"Сот Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында күзде жоғалып кеткен келіншек өлі табылды