СҚО-да көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

03.02.2025 15:30

43 жастағы тұрғын алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында Volkswagen Passat жүргізушісі көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Qazaqstan Media жазуынша, қайғылы оқиға 1 ақпанда Тайынша ауданындағы Драгомировка және Обуховка ауылдарының арасында, Астана-Петропавл тасжолында болған.  

Белгілі болғандай, 60 жастағы қария Астанаға қарай келе жатқан.

"Жүргізуші Петропавл қаласының 43 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, дәл сол күні Петропавлда болған жол апаты салдарынан екі адам зардап шеккен. Олардың бірі ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте мас күйде адам өлтірген жүргізуші сотталды