Шымкентте үшем дүниеге келді

06.02.2025 17:00

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді

Шымкент қаласының Денсаулық басқармасының баспасөз қызметі

Шымкент қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада үшем дүниеге келді. Биылғы алғашқы үшемдер мен анасын дәрігерлер перзентханадан салтанатты түрде шығарып салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шымкенттің 22 жастағы тұрғыны Жамиля 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкелді. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Шымкенттік батыр ананың бұл - тұңғыш сәбилері.

Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалды.

Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте 28 936 сәби дүниеге келген – 14 837 ұл бала және 14 099 қыз бала.

Оқи отырыңыз: Пренатальды скрининг қалай жүргізіледі