Шымкенттік тұрғын виртуалды нөмірлерді пайдаланып алаяқтықпен айналысқан

rupixen/unsplash.com/
rupixen/unsplash.com/

Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттік тұрғын виртуалды нөмірлерді пайдаланып алаяқтықпен айналысқан. Қылмыстық схема тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екі жалдамалы пәтерді тексеру барысында 32-арналы екі SIM-box құрылғысы мен өзге де жабдықтар табылып, тәркіленді. Заңсыз схеманың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен күдікті ұсталды. Қаскөй мессенджер арқылы алған нұсқауларға сәйкес әрекет еткен.

Полиция мұндай құрылғыларды заңсыз пайдалану қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. 

"Прокуратураның үйлестіруімен және ҰҚКД-мен бірлесіп, «Қазақтелеком» АҚ-мен меморандум шеңберінде жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде SIM-box пайдалану арқылы жасалған заңсыз әрекеттер анықталып, жолы кесілді. Виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған құрылғы арқылы ел аумағында алаяқтық жайттары жүзеге асырылған", — делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жұмыртқа бағасы екі есе өсті

 

Новости партнеров