Skills Enbek: биыл 7 мыңнан аса жұмыссыз азамат кәсіптік курсын оқыды

сгенерировано ИИ
сгенерировано ИИ

Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың басынан бері 9,3 мың азамат, оның ішінде 7,6 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Платформада барлығы 513,4 мың қазақстандық тіркелген, оның 14,7 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 420,2 мың адам оқудан өтті.

Оқудан өткен 7,6 мың жұмыссыз азаматтың 2 мыңға жуығы негізінен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 849 курс жариялады, оның 307-і тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қантар айындағы ең көп сұранысқа ие курстар – «Кассир», «Построение отдела продаж в отеле», «Страховой агент», «Пішу және тігу» және «Продавец».

Платформада маркетинг және БАҚ, туризм, қаржы және бухгалтерлік есеп және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстан онлайн-қызметтер индексі бойынша ең үздік 10 елдің қатарында

Новости партнеров