СҚО-да инсульт алғандар саны артты

Almaty.tv
Almaty.tv

Инсульт –ми қан айналымының жедел бұзылуы, миға қан кетуі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл науқастарды аяққа тұрғызу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 75 млн теңгеден астам қаражат жұмсалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандардың айтуынша, облыста өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биыл инсульт алғандар саны 15 адамға көп.

"Инсульт –ми қан айналымының жедел бұзылуы, миға қан кетуі. Салдарынан көп жағдайда мүгедектікке әкеледі. Уақытылы емделмесе, бұл патология мидың жұмысын айтарлықтай бұзып, өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы диагнозы бар науқастар МӘМС аясында ем қабылдай алады. Өткен жылдың 12 айы ішінде 2035 науқас емделді. Осы мақсатқа 769 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды", - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ СҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

МӘМС аясында инсульт алған науқастар СҚО-ның 3 медициналық ұйымында сапалы медициналық көмек ала алады. Олардың қатарында, Тайынша аудандық ауруханасы, көпбейінді облыстық және көпбейінді қалалық аурухана бар. Биыл көпбейінді облыстық аурухананың инсульт орталығында мұндай диагноз 77 адамға қойылып, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.

"Инсульт алған адамдарда сөйлеу қабілеті мен жұту рефлексі бұзылады. Айта кету керек, сөйлеу – бұл адамның ең жоғары психикалық функциясы. Оны қалпына келтіру күрделі және ұзақ процесс. Біз науқасты оңалту аясында осы функцияны қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Зақымдану деңгейіне байланысты сөйлеу 6 айдан бір жылға дейінгі аралықта қалыпқа келуі мүмкін", - дейді көпбейінді облыстық аурахананың инсульт орталығының медициналық логопеді Евгения Зенченко.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Қажылыққа баруға ниет еткен 100-ге жуық жанның жолын кім кесті

Новости партнеров