СҚО-да құны 26,7 млрд теңге болатын бірегей көл мемлекетке қайтарылды

СҚО прокуратурасы
СҚО прокуратурасы

Мемлекет мүддесін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауына алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей «Теке» көлін қайтарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, 2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың га Теке көлін бергені анықталды.

«Дегенмен 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді», - деп атап өтті прокуратура өкілдері.

Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған. 

«Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды», - делінген хабарламада.

Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет мүддесін қорғау мәселелері СҚО прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.  

Оқи отырыңыз: Ресейде бірнеше рет қылмыс жасаған алаяқ 10 жылдан кейін Ақмола облысында ұсталды

Новости партнеров