Нарқыз: Нұрпейіс Байғаниннің дастаны үздік деп танылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны «Үздік эпос» номинациясын жеңіп алуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға ақынның немересі, кинопродюсер Ерболат Байғанин қатысты. Шығарма ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеп, қазіргі заманғы әйелдің рөлін көтереді.

Айта кетейік, «Нарқыз» 2024 жылы ағылшын тіліне аударылып, қазақ әдебиетін әлемге танытуға бағытталған құнды еңбек.

 «Қазақ халқының әйелді қалай қастерлейтіні, оған  көзқарасының қаншалықты нәзік екенін жырлайды.  Нұрпейіс Байғанин – әйелді, ананы құрметтеуде озық ұлттың ешқайсысынан кем тұрмайтынымызды бір ғана жырмен дәлелдеп, өзінің тақырыбын биік деңгейге көтеріп кеткен ақын», – деді  «Қазақстан авторлар қоғамы» РҚБ төрағасы Байғали Есенәлі.

Оқи отырыңыз: Ораза айында Наурызды қалай тойлау керек

Новости партнеров