Мектептерде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді
Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді, ауыспайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министр ата-аналарға мектептегі салтанатты шараларды қымбат мейрамға айналдырмауға және балаларды ысырапшылдыққа үйретпеуге шақырды.
"Балаларымызды ақшаны ысырап жұмсауға үйретпеуіміз керек. Мектеп – бұл тәрбиенің ортасы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Егер ата-аналар болып мейрамханалар мен кафелерді ұйымдастырумен айналысатын болсақ, онда қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемшіл болуымыз қажет. Барлық қаражатты балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс, мейрамханалар – әл-ауқаттың көрсеткіші емес", – деді Бейсембаев Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Оқи отырыңыз: Қарасу шағынауданындағы скверге ірі көшеттер отырғызылды