Түркістандықтар 2,5 тонна наурыз көже пісіріп, рекорд жаңартпақ

12.03.2025 16:27

Елордада екі жыл бұрын 2100 литр наурыз көже дайындалған

Түркістанда туризм маусымының ашылуына орай, 2,5 тонна наурыз көже пісіріледі. Осылайша Қазақстанның «Киннес» рекорды жаңартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін рекорд Астана қаласына тиесілі еді. Елордада екі жыл бұрын 2100 литр наурыз көже дайындалған.

Айта кетейік, келушілер туристік маусымның ашылуына байланысты ұлттық дәмнен 19 наурызда ауыз тие алады. Сонымен қатар шаһарда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты республикалық туристік форум өтпек. Жиынға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілер қатысады. Аталғандардан бөлек, от шоуы, сиқыршылар қойылымы, барабан шоуы және поэзия кештері де ұйымдастырылады.

 «Туристік қолөнершілердің, рестораторлардың шоулары ұйымдастырылады. Олар  тағамдардың шоу көріністерін ұсынатын болады. Облыстың экологиялық, этно-тарихи бағытындағы экспонаттардың көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр, – деді облыстық Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі