Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады

12.03.2025 16:39

Халықаралық турнирде 11 спортшымыз жүлде үшін сайысқа түседі

chapelboro.com

Қазақстан ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден Будапештте (Венгрия) өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде 11 қазақстандық шпагашы жүлде үшін сайысқа түседі.

Венгрияда ел намысын қорғайтын спортшылар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаймов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский.

Айта кетейік, Гран-при кезеңі 14-16 наурыз аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Отыз жылдан кейінгі тарихи жеңіс: Ербол Хамитов Хрусталь глобусты жеңіп алды