Су тасқыны табиғи апат емес: Олжас Бектенов жауаптыларды сынға алды

15.04.2025 18:08

Облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі жағдайдың тұрақтала бастағанын айтты

«Ақмола облысында су басқан аудандардың әкімдері жағдайды бақылаудан шығарып алған. Жергілікті билік дер кезінде тиісті шаралар қабылдамады». Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деп жауаптыларды сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол «өңірде болған су тасқыны тосыннан келген табиғи апат емес, инженерлік немқұрайлылық пен шалағай жоспарлаудың салдары» деді. Ескі Қалқұтан ауылындағы өзен жағалауын бекітіп, тереңдету жұмыстары тек 3 шақырым жерде жүргізілген. Ал жоба бойынша 11 шақырым болуы керек.. Нәтижесінде өзен арнасынан асып, жүзден аса үйді су шайып кеткен.

 Ал облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі жағдайдың тұрақтала бастағанын айтты.

 «Макинск қаласына да су жайылды. Жергілікті билік қажетті шараларды уақытылы қабылдамаған. Айта кетейік, өңірде дәл осы елдімекендерді жыл сайын су басады. Демек Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Марат Мұратұлы, жоспарды қайта қарап, биыл барлық қажетті жұмыстарды іске асырыңыз. Баспаналары мен жер телімдері су астында қалған тұрғындарға жәрдемдесіп, көмек көрсетіңіздер», – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Өрттің шыққанын хабарламаған: Премьер-министр екі өңірдегі кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды