Тексеріс кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған
Ақтауда жас жігіт сүйіктісін жолынан қалдыру үшін 102 нөміріне қоңырау соғып, әуежай мен теңіз портына «бомба» қойғаны туралы хабар берген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел қызметтер келген. Барлық адам ғимараттан шығарылып, барлық көлік қозғалысы тоқтатылған.
Алайда тексеріс кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
"Сотталушы өзінің қасақана әрекеттері арқылы теңіз порты мен Ақтаудың халықаралық әуежайына, жедел жәрдем қызметіне, төтенше жағдайлар қызметіне, полицияға 1 млн теңгеге жуық шығын келтірген", - делінген сот хабарламасында.
Жалған "бомба" қойған жігіт 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқи отырыңыз: Бес жасар баланы тепкен: Атырауда тәрбиешіге 300 мың теңге айыппұл салынды