Сыр өңірінде күріштің дәнін себуге агродрондарды қолдануда

Егістік алқаптарында аталған өнімнің 30-дан астам сорты сыналмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде де күріш егу басталды. Бұл жолы жергілікті шаруалар ақ маржанның дәнін себуге агродрондарды қолданған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басты артықшылық - тұқым мен тыңайтқышты егістікке дәл және біртегіс сеуіп, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жаңалық, мұндағылар күрішті көшеттеп егу әдісін де енгізіпті. Бұл өз кезегінде су шығынын 20 пайызға, дән себу нормасын 80 пайызға үнемдеуге сеп болмақ.

«Өнімді жақсарту бағытында жаңа техникаларды, дрондар, көшеттеп егетін тракторлар әкеліп, дамыған елдердің жақсы технологияларын алып, ыңғайымызға қарай пайдалану мүмкіндігін сынап жатырмыз. Дельтаплан пайдаланып келдік, дәлдігі өте қиын, себілген дәрілер ауаға ұшып кетеді. Ал дрондар 2-3 метр биіктікте себілген дәрі де ысырап болмайды», – деді шаруашылық төрағасы Талғат Байдалиев.

Биыл облыс бойынша 193,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылын егу жоспарланып отыр. Мұндағы күріштің көлемі - 85,6 мың гектар.

Айта кетейік, егістік алқаптарында аталған өнімнің 30-дан астам сорты сыналмақ. Олардың қатарында Қытай, Түркия және Еуропа елдерінен әкелініп, алғаш рет жерсіндірілетін тұқым түрлері де бар. Ал көктемгі егіске облыс бойынша 22,2 мың тонна тұқым дайындалса, қажетті тыңайтқыштармен қамту бағытында тиісті келісімдер де тиянақталған.

 «Лазерлік тегістегіш облыс бойынша соңғы жылдары шаруашылықтар жақсы алып жатыр. Өйткені көздері жетті. Қазір 200-длен астам лазерлік тегістеуіш бар.  Биыл 60 мың гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіледі.  Қытайлық әріптестермен келісімге келіп, 6 сортты кішкентай көлемде сынақтан өткіземіз. Европадан да, Түркиядан да сорттар алып сынап, қайсысы тиімді болады келешекте сол сорттарды егетін боламыз», – деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.

Оқи отырыңыз: Зауыт қанша тонна өнім қабылдайтыны белгісіз: диқандар дән себе алмай отыр

 

 

Новости партнеров